Түркістан облысында екі қап есірткі тәркіленді
Батыс Қытай - Батыс Еуропа трассасының 601-шақырымында Honda Odyssey көлігі тоқтатылды. Көліктің жүксалғышынан екі қап есірткі табылды, деп хабарлады polisia.kz.
Фото: polisia.kz
09:12 06.01.2024
Алынған заттар сараптамаға жіберілді. Тәркіленген заттың 40 келіге жуық кептірілген марихуана екені анықталды.
Есірткіні заңсыз тасымалдау дерегі ҚР ҚК-нің 296-бабы "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша тіркелді.
Ер адам қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар, сондай-ақ есірткі жеткізу арналары анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!