Ақмола облысында екі ауылдың халқы жарықсыз қалды
Ақмола облысының Зеренді ауданында электр желілерінде апат жиі жиі болып тұрады. Соның салдарынан бірқатар ауылдар жарықсыз отыруға мәжбүр, деп хабарлайды Kazinform.
16:17 06.01.2024
Аудан әкімдігінің мәліметінше, биылғы қаңтардың 2-де сағат 16:30 шамасында «Зеренді-Айдарлы» 10 КВт желісіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты Айдарлы және Қошқарбай ауылдары жарықсыз қалған.
«Жөндеу жұмыстарын «Қуат энерго партнер» ЖШС жұмысшылары 23:20 дейін жүргізген, алайда, бірқатар апаттық себептерге байланысты жарық жұмыстары кейінге қалды. Қаңтардың 3-де сағат 08:00 жөндеу жұмыстары жалғасып, түскен дейін Айдарлы және Қошқарбай ауылдарына жарық берілді. Алайда, сол күні сағат 18:26 «Зеренді-Айдарлы» 10 КВт желісінде қайтадан жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аталмыш ауыл тағы да жарықсыз қалған. Бұл жолы жөндеу жұмыстарына «Technical work group» ЖШС тартылды, сағат 22:10-де электр жарығын тарату жұмыстары қалпына келді», - делінген Зеренді ауданы әкімдігінің ресми мәліметінде.
Айтуынша, жарықтың жиі сөндірілуіне электр желілерінің істен шығуы себеп болып отырған көрінеді.
Қазір ауылдардағы желілердің 90 пайызы тозған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!