Алматы мен қала маңында 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді
Бүгін, 7 қаңтар Алматы уақытымен таңғы 09:10 кезінде жер сілкінісі болды.
Фото: Александр Павский/Kazinform
09:55 07.01.2024
Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген. Тербеліс ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 55 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Зілзаланың энергетикалық санаты — 9.3.
MPV магнитудасы — 4.6.
Тереңдігі — 10 шақырым.
«MSK-64 бағаны бойынша Қазақстан аумағында, оның ішінде Түргенде — 3 балл, Алматыда — 2 балл күші сезілді», — делінген кезекші оператордың хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!