Ақтөбеде жедел жәрдем қызметі байланыс аясынан тыс болып қалды
Ақтөбе облысы бойынша жедел жәрдемнің 103 нөмірі істемей тұр.
Фото: Kazinform
10:18 08.01.2024
Екі күн бойы бір қосылып, бір ажырап, тұрғындарды әбігерге салды, деп хабарлайды Kazinform.
Жедел жәрдем қызметіндегі интернеттің үзілуі 5-қаңтар сағат 21:27-ден басталды. Сағат 01:40-да қайта қалпына келтірілгенімен, 6-қаңтар күні сағат 17:25-те қайта сөнді.
Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының әкімшілігі интернеттің және 103 телефон нөмірінің ажыратылуына байланысты тұрғындарға хабарлама таратты.
- Жедел жәрдем шақырту үшін уақытша 112 нөміріне, сондай-ақ Call-орталықтың 109 номеріне қоңырау шалуды сұрайды. "Транстелеком" АҚ мамандары желіде пайда болған ақауды жою үшін жұмыс жасап жатыр. Жедел медициналық көмек станциясының басшылығы осы жағдай бойынша кешірім сұрайды, - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!