БҚО-да жол апатынан 1 адам мерт болып, 4-еуі жарақат алды
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 1 адам мерт болып, төртеуі жарақат алды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: БҚО полиция департаменті
11:52 08.01.2024
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 7 қаңтар күні Казталов ауданы аумағында болды.
«Сағат шамамен 16.30-да Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы жолында «ВАЗ-2110» автокөлігінің жүргізушісі жүк көлігін басып озамын деп, қарсы бетке шығып кеткен. Сөйтіп «Шевроле Лачети» автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Жол апаты салдарынан 1 адам көз жұмды. Түрлі жарақат алған төрт адам Казталов аудандық ауруханасына жеткізілді. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.
Осылайша, БҚО-да бір күнде екі жол апатынан 4 адам қаза тауып, 13-і жарақат алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!