Израиль Газа секторының солтүстігіндегі ХАМАС қолбасшылығы жойылғанын хабарлады
Израиль армиясы Газа секторының солтүстігіндегі ХАМАС командалық құрылымын «бөлшектеуді аяқтағанын» хабарлады. Бұл туралы Kazinform хабарлайды.
Фото: REUTERS
11:11 08.01.2024
ЦАХАЛ өкілі Даниэль Хагари журналистерге палестиналық содырлар қазір бұл аймақта «командирлерсіз» жұмыс істейтінін айтты.
Оның айтуынша, Израиль Газаның солтүстігінде 8 мыңға жуық содырды жойған.
ХАМАС басқаратын Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израиль күштері соғыс басталғаннан бері 22 мыңнан астам адамды өлтірді. Сенбіде ол соңғы 24 сағат ішінде 120-дан астам адам өлімі тіркегенін айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!