Астанада өзгенің телефонын қолды қылған азаматтың ісі камераға түсіп қалды
Полицияға қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның телефонын ұрлап кеткенін айтып арызданған.
Фото: ҚР ІІМ
12:30 08.01.2024
Аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 38 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Тергеу барысында белгілі болғаны, күдіктінің жәбірленушімен сөзге келіп қалып, араларында жанжал шыққан. Осылайша құны 100 мың тұратын OPPO телефонын алып кеткен.
Оның үйден шығып бара жатқан сәті бейнебақылауға түсіп қалған.
Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Оның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Дереккөз: zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!