{metadescription}
Бішкекте қаржы пирамидасын құрғаны үшін іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды

Бішкекте қаржы пирамидасын құрғаны үшін іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды

Бішкекте бет-әлпетті тану функциясы бар сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен Қазақстанда іздеуде жүрген азамат анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бейнебақылау жүйесі қаржы пирамидасын құрып, оны басқарғаны үшін іздеуде жүрген адамды анықтаған.

"2023 жылдың желтоқсан айының соңғы күндері Бішкек қаласында Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 217-бабы "Қаржы пирамидасын құру және басқару" бойынша іздеуге жарияланған Қазақстан азаматы О.А. анықтады. Бұлтартпау шарасы қамауға алу болып табылады", - делінген хабарламада.

Қазақстанда 2021 жылдың сәуірінде зардап шеккен инвесторлар үш компанияның қызметіне қатысты полицияға ұжымдық шағым түсіріп, оларды қаржылық пирамида деп атады. Бұл компаниялар өздерін инвестициялар саласында табысты ұйымдар ретінде көрсетті. Сондай-ақ қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деген күдікке ілінген, ұсталған Алматы қаласының тумасы азамат О.А. Пайдалы инвестицияларды имитациялайтын осы "жобаның" жетекшілерін ұстай бастағанда, ол қашып үлгерген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде