Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 168-ге жетті
Жапонияда 1 қаңтардан бері жалғасып келе жатқан жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 168-ге жетті. Бұған Жапонияның аймақтық билігі жариялаған мәліметтері дәлел, деп хабарлайды Kazinform.
17:39 08.01.2024
Сонымен қатар, құтқарушылар орналасқан жерін анықтау үшін байланысқа шыға алмай отырған тұрғындардың саны 323-ке жетті. Әлі де болып жатқан жерасты дүмпулерінің салдарынан 560-тан астам адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған.
Жер сілкінісінен әсіресе Исикава префектурасы зардап шекті. Онда кемінде 1370 үй толығымен немесе ішінара қирады, өрт салдарынан 300-ге жуық ғимарат бүлінді. Зардап шеккен аймақта электр және су беру жүйелері бұзылып, жанармай тапшылығы сезілуде.
Апат аймағында Жапония құтқару күштерінің іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Құтқарушылар соңғы рет 6 қаңтарда үйінді астынан бір адамды аман алып шықты. 90 жастағы жергілікті тұрғын бес күннен артық жерасты дүмпуінен қираған үйінің астында болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!