{metadescription}
Орал қаласында бастауыш сынып оқушылары бүгін де қашықтан оқиды
Орал қаласында -25 градус аяз болуына байланысты бірінші ауысымда бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды.
09:04 09.01.2024
«Орал қаласы білім беру бөлімі таратқан хабарламада «Орал қаласында 9 қаңтар күні ауа температурасы -25 градус аяз болуына байланысты 1 ауысымда 1-4 сыныптар қашықтан оқиды», - делінген.
Қалада кеше де таңмен бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілген болатын. Сондай-ақ түс қайта аязға байланысты 1-9 сынып оқушылары қашықтан білім алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!