{metadescription}
Ұлытау облысының құтқарушылары жоғалған 5 адамды тапты

Ұлытау облысының құтқарушылары жоғалған 5 адамды тапты

Ұлытау облысында жоғалған 5 адам табылды, деп хабарлайды Kazinform

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қаңтарда Ұлытау облысы ТЖД жедел кезекшісіне Тараз қаласының азаматшасынан 3 қаңтар күні Тараз қаласынан Ұлытау облысы Ұлытау ауданының Коскөл ауылына сағат 18:00-де «Нива» автокөлігімен 5 жұмысшы (1981 ж. т., 1988 ж. т., 1973 ж. т., 1972 ж. т., 1968 ж. т.) жолға шыққаны, кейін байланыс аясынан тыс қалғаны, қайта оралмағаны туралы хабарлама келіп түскен. 

Ертесіне сағат 09:00-де Ұлытау және Қызылорда облыстарының ТЖД, ПД, жергілікті атқарушы органдарының және тұрғындарының, туыстарының 30 адам және 3 бірлік техника құрамында Қоскөл ауылынан 250 км радиуста жоғалған 5 адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді. 

Іздеу жұмыстарының нәтижесінде 8 қаңтарда сағат 17:55-те далада жоғалып кеткен азаматтар аман-есен табылды. Зардап шеккендер жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде