{metadescription}
Снаряд, гранатомет және миналар: ҰҚК тәркіленген қару-жарақты көрсетті

Снаряд, гранатомет және миналар: ҰҚК тәркіленген қару-жарақты көрсетті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше облыста тәркіленген қару-жарақтың суретін жариялады.

2023 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп заңсыз айналымнан, соның ішінде "қаңтар оқиғалары" кезінде ұрланған қаруды іздеу және алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізген.

"Қорытындысы бойынша қарудың заңсыз айналымының 14 арнасы және оны қолдан жасау бойынша 7 цех жойылды.

51 Калашников автоматы, 192 мылтық, 165 тапанша, 45 граната, 2 гранатомет, 4 дана снаряд пен миналар, 7 жарылғыш құрылғылар және әртүрлі калибрдегі 36 870 патрон тәркіленді", - делінген хабарламада.

Қарудың заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасып жатқаны айтылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.