{metadescription}
«1WIN» онлайн-казино ұйымдастырушыларына халықаралық іздеу жарияланды

«1WIN» онлайн-казино ұйымдастырушыларына халықаралық іздеу жарияланды

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті Қазақстан, ТМД және алыс шет ел аумағында жұмыс істеген «1WIN» онлайн-казиносының заңсыз қызметіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.  

Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, онлайн-платформа заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен қатар мыңдаған отандастарымызды тартып, тиісті лицензиясыз букмекерлік қызмет көрсеткен.

Ақшалай қаражат интернет-эквайринг арқылы аутентификациясыз қабылданған, бұл тіпті кәмелетке толмағандарға да құмар ойындарға қатысуға мүмкіндік берді.

2023 жылдың өзінде-ақ онлайн-казино айналымы шамамен 4 млрд теңге болған. Қазір тергеу жалғасып жатыр. Онлайн-казино сайты бұғатталды, төрт ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жарияланды. Тәркіленуге жататын мүлікке және жалпы сомасы 1,5 млрд теңге ақшалай қаражатқа тыйым салынды. Сондай-ақ «Mercedes-Maybach S500» және «Lamborghini Huracan» автокөліктері тәркіленді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан заңнамасына сәйкес елде онлайн-казино қызметіне тыйым салынғанын, ал букмекерлік қызметтер тиісті лицензия болған жағдайда ғана көрсетілетінін ескертті.

«Агенттіктің «АФМ Insider» телеграм-ботына экономикалық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлауыңызға болатынын естеріңізге саламыз», - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде