{metadescription}
«Костенко» шахтасындағы апат бойынша айыпталғандардың аты-жөні белгілі болды

«Костенко» шахтасындағы апат бойынша айыпталғандардың аты-жөні белгілі болды

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Үкімет отырысынан кейін өтіп жатқан баспасөз конференциясында «Костенко» шахтасындағы апат бойынша айыпталған адамдардың аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.

«Бұл — қатардағы жұмысшылар емес, тікелей жауапкершілік арқалайтын инженерлік-техникалық персонал. Бұл — жауапты лауазымды тұлғалар. Олар да, материалдар да тергеу органдарына берілді. Кінәсін сот анықтайды. Жекелеп айтсақ, бас директор Яблонский, персонал жөніндегі директор Винокурова, Белый мырза, «АрселорМитттал Теміртаудың» көмір департаментінің атқарушы директоры Огай және басқалар», — деді Сырым Шәріпханов.

Еске салсақ, 28 қазан сағат 2:33-те Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, жер бетіне 205 шахтер шығарылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде