{metadescription}
ІІМ Қызылорда облысында бопсалау қылмысына қатысы бар күдіктілерді ұстады

ІІМ Қызылорда облысында бопсалау қылмысына қатысы бар күдіктілерді ұстады

Полицейлер Қызылорда облысының тұрғынын әлеуметтік желілерде жеке сипаттағы мәліметтерді жариялаймын деп қорқытқан бопсалаушылар тобын ұстады.

Күдіктілер деректерді жария етпеу үшін жәбірленушіден 7 млн теңге талап еткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы факті бойынша Қызылорда облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдікті ретінде 34, 32, 22 жастағы облыс тұрғындарын ұстады. Айғақ зат ретінде олардан ақша, белгі беретін тапанша және жалған қызметтік куәлік алынды.

Қазіргі таңда жәбірленушінің намысына тиетін ақпаратты таратамын деп қорқытып, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам жасаған бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде