Батыс Қазақстанда жол апатынан 5 адам көз жұмды
Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: БҚО Төтенше жағдайлар департаменті
08:42 10.01.2024
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 9 қаңтар күні Жаңақала ауданы аумағында болды.
«Сағат 17.17-де Чапаев-Жаңақала жолы бойында Ақбалшық пен Пятимар ауылдарының арасында Toyota Estima және Hyundai SantaFe автокөліктері бетпе-бет соқтығысты. Жол апаты салдарынан бес адам мерт болды. Құтқарушылар марқұмдардың денесін автокөліктен шығарды», - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, ақпаратты кейін беретінін жеткізді.
Куәгерлердің сөзіне қарағанда, қаза тапқандардың төртеуі бір үйдің адамдары көрінеді.
Осылайша, облыста жаңа жыл басталғаннан бергі 9 күн ішінде жол-көлік оқиғаларынан 12 адам қаза тапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!