{metadescription}
Тау-шаңғы курортындағы арқанжол үзіліп, 7 адам зардап шекті

Тау-шаңғы курортындағы арқанжол үзіліп, 7 адам зардап шекті

Аустрияның Тироль аумағындағы тау-шаңғы курортында арқанжол кабинасы үзіліп кетті.  

Оқыс оқиғадан жеті адам зардап шекті. Төрт адам ауыр жарақат алды, біреуінің жағдайы нашар.

Апатты жағдай Эц елдімекеніне жақын маңдағы Ахеркогельбан арқанжолында болған. Мамандар арқанға ағаш құлап, салдарынан кабина үзіліп кеткен деп болжам жасады. 

Әзірге арқанжол уақытша істен шығарылды. Қазіргі уақытта оқиғаның неден болғаны, ағаштың қалай құлап кеткені анықталып жатыр. 

Айта кетейік, Ахеркогельбан арқанжолында 60-қа жуық кабина бар. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде