{metadescription}
«Өскемен-Семей» тасжолында жол апатынан 2 адам көз жұмды

«Өскемен-Семей» тасжолында жол апатынан 2 адам көз жұмды

Өскемен мен Семей қалаларының арасындағы тасжолда екі көлік соқтығысып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 9 қаңтарда «Өскемен-Семей» тасжолының 23-ші шақырымында Саратовка кентінің маңында болған.

«Chevrolet Niva» және «Toyota» маркалы көліктер соқтығысып қалды. Соның салдарынан екі жолаушы сол жерде көз жұмды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда бірнеше адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген ақпаратта.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде