Орал қаласының бірнеше шағынауданы сусыз қалды
«Батыс су арнасы» ЖШС-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Зачаган кентінде М.Мөңкеұлы және Қамбар батыр көшелері бойындағы су құбырларында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
16:38 10.01.2024
«Жөндеу жұмыстары кезінде Көктем, Арман, Жақсы ауыл, Қазақ ауылы, Сарытау, Құс фабрикасы шағынаудандарында, сондай-ақ №10, 47, 38, 51 орта мектептеріне және Жәңгір хан көшесі бойындағы 51, 53, 55, 59, 61, 65, 67, 69-мекенжайлары бойынша көпқабатты үйлерге су беру тоқтатылады. Шамамен судан айыру мерзімі – 10 қаңтар күні сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін», - деп хабарлады ведомстводан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!