Қалың қар, көктайғақ, боран — 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет синоптиктері 11 қаңтар, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Фото: Freepik
08:07 11.01.2024
Оған сенсек, Қазақстанның басым бөлігі әлі де көп ылғал қоры бар атлантикалық циклон ықпалында болады.
Соның салдарынан негізінен қар жауып, бұрқасын соғады. Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын, кей аудандарда қар аралас жаңбыр жауады.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, қатты екпінді жел тұрады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында күндіз жел екпіні 30 м/с асады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!