Астана әуежайында ұшақтардың кеш келуіне байланысты 3 рейстің уақыты ауысты
Елорда әуежайының әуе айлағында жағдай тұрақты. Тек ұшақтың кеш келуіне байланысты 3 рейстің уақыты өзгерді. Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Астана халықаралық әуежайы
15:27 11.01.2024
«Астанада күн райы тұрақталып, ұшуға қолайлы болып тұр. Бүгін ауа райына байланысты рейстер тоқтатылған жоқ. Қазір әуе айлақта желдің жылдамдығы – 6 м/с, ауа температурасы – 18°C. Бүгін елорда әуежайында ұшуға 74 рейс жоспарланған болатын. Оның 3-еуі ұшақтың кеш келуіне байланысты кешіктірілуде», - деп жазды баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!