Атырауда шетел азаматы 9-қабаттан секіріп мерт болды
Атырау қаласында шетел азаматы тұрғын үйдің 9-қабатынан секіріп кеткен. Оның мұндай әрекетке бару себебі әзірге белгісіз, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Kazinform
17:09 11.01.2024
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше, 10 қаңтарда болған.
«Атырау қаласының «Нұрсая» шағын ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде кешкі сағат 19:26 шамасында ер адамның 9-қабаттан секіріп кеткені туралы хабар түсті. Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына жеткен қалалық полиция басқармасының қызметкерлері суицид жасаған Өзбекстан Республикасының азаматы екенін анықтады. Марқұм 1964 жылы туған», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.т
Қазір дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Осыған байланысты тиісті іс құжаттары жинақталып жатыр.
Полиция қызметкерлері шетелдік тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан секіруіне не себеп болғанын нақтылаған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!