Ақтөбеде автобусы бұзылған қырғызстандықтар эвакуацияланды
Самара-Шымкент тасжолының Хромтау ауданы аумағында қырғызстандықтар мінген автобус бұзылып қалды. Ондағы 30 жолаушы эвакуацияланды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі
18:12 11.01.2024
Оқиға бүгін сағат 11-00-де болды. «Самара-Шымкент» тасжолының Хромтау ауданы аумағында қырғызстандықтар мінген автобус бұзылып қалды.
- Қырғызстан-Ресей бағытындағы жолаушылар автобусынан ақау шықты. Автобус ішінде 30 жолаушы болды. ТЖД және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің күшімен жолаушылар Хромтау қаласындағы кемпингке жеткізілді. Олар медициналық көмекті қажет етпеді,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!