Қазақстан әскери қуаты бойынша 58 орынға шықты
Қазақстан әлем елдерінің әскери қуатын 60 түрлі көрсеткіш бойынша есептейтін Global Firepower-2024 рейтингінде 145 мемлекеттің ішінде 58-орынға шықты, деп Kazinform.
Фото: Viktor Fedyunin/Kazinform
18:17 11.01.2024
Аталған 60 көрсеткіштің ішінде елдегі әскери бөлімдердің саны мен құрамы, әскери салаға бөлінетін қаржының жалпы ішкі өнім көлеміндегі үлесі, әскердің логистикалық мүмкіндіктері мен орналасқан орны сияқты санаттар негізге алынған.
Рейтингтің алғашқы бестігінде АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея тұр. Түркия – 8 орында, Иран – 14 орында, Украина – 18 орында, Әзербайжан 59 орында, Өзбекстан 65 орында тұр.
Былтыр Қазақстан аталмыш рейтингте 63- орында болған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!