{metadescription}
Төтенше жағдайлар министрлігінде ақпараттық-насихаттау тобы құрылды

Төтенше жағдайлар министрлігінде ақпараттық-насихаттау тобы құрылды

Ақпараттық-насихаттау тобы министрліктің жеке құрамы арасында идеологиялық, азаматтық-патриоттық, яғни, қазақстандық патриотизм мен конституциялық борышқа адалдық рухында, идеялық-адамгершілік тәрбиені насихаттау, еліміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша ақпараттандыру және ТЖМ имиджін одан әрі арттыру мақсатында құрылды. 

Бұл туралы Kazinform хабарлайды. 

Топ құрамына ТЖ вице-министр генерал-майор Бауыржан Сыздықов, Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов, сондай-ақ ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары кіреді.

Ақпараттық-насихаттау тобының жеке құраммен алғашқы кездесуі Астана қаласында өтті. Ақпараттық-насихаттық топ елордалық гарнизонның жеке құрамымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Осы кездесу аясында өрт сөндіру және ТЖ-ның салдарын жою кезінде ерекше көзге түскен 5 қызметкер марапатталды. Кездесу барысында азаматтық қорғау органдарында қызмет туралы бейнеролик көрсетіліп, Астана қаласы ТЖД жеке құрамының күшімен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Сонымен қатар ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері «Астана қаласы мектептерінің ТЖ министрлерімен» кездесті. Басқосуға елорданың мектептерінен 400-ден астам бала қатысты.

Осындай кездесулер ТЖМ-нің басқа аумақтық бөлімшелерінде де жоспарланған және жыл бойы жүзеге асырылады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде