Алматыда 7 балдық жер сілкінісінің жойқын салдары болуы мүмкін - сейсмолог
Алматыда жер сілкінісі 7 балдан жоғары болса, қауіпті деп санауға болады.
Фото: Anadolu Agency
13:40 12.01.2024
Бұл туралы ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы директорының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков айтты, деп хабарлайды Kazinform.
«Бұл мәселеге қатысты қазірдің өзінде сейсмологтар әзірлеген халықаралық шкала бар - МСК-64 шкаласы. Осы шкала бойынша ғимараттар мен құрылыстардың айтарлықтай 7 балдан басталады. Сондықтан Алматы қаласы үшін жердің жағдайын ескере отырып, 7 баллдан жоғары жер дүмпуін қауіпті және жойқын деп санауға болады», - деді Нұрсәрсен Өзбеков Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінде өткен брифингіде.
Сейсмологтың сөзінше, 7 баллға дейінгі жер сілкінісі қала үшін қауіпті емес.
«2-3 бал жер сілкінісі сезіледі. 4-5 балл - ғимарат сылақтарын түсіріп, зақымдайды. Бұл қауіпті емес. 7 балдан бастап шара қолдану керек, барлық ғимаратты жер асты дүмпуі әсеріне қарай есептеп, дайындау керек», - деді маман.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!