{metadescription}
Өнеркәсіп алпауыттарына экологиялық аудит жүргізудің тәртібі жарияланды

Өнеркәсіп алпауыттарына экологиялық аудит жүргізудің тәртібі жарияланды

«Ашық НҚА» порталында өнеркәсіп алпауыттарына экологиялық аудит жүргізудің тәртібі жарияланды, деп Kazinform.

Заңнамаға орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын Экология, табиғи ресурстар министрлігі жариялап отыр.

Құжат 26 қаңтарға дейін көпшілік талқылауында болады.

«Лицензиялауға жататын I-санаттағы объектілердің операторлары эмиссиялардың белгіленген нормативтерінен бір жыл ішінде жүйелі (екі реттен артық) асып кеткен кезде міндетті экологиялық аудит жүргізуге міндетті», - делінген Экология кодексіне ұсынылып отырған 175-баптың 1-бөлігінде.

Бұл жердегі лицензиялауға жататын I-санаттағы объектілер - жоғары деңгейлі қауіпке байланысты қызмет түрлерімен байланысты нысандар.

Сондай-ақ, осы бапта экологиялық аудит экологиялық аудитор мен аудиттелетін субъект арасында жасалған шарт негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган берген бұзушылықтарды жою туралы нұсқама алынған күннен бастап алты ай ішінде жүргізілетіні айтылған.

«Экологиялық аудиторлық есеп қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылады. Ол оны алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды. Міндетті экологиялық аудиттің нәтижелерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган аудиттелетін субъектінің экологиялық талаптарды сақтауы туралы анық ақпарат алу үшін пайдаланады», - деп жазылған жаңа бапта.

Міндетті экологиялық аудиттің есебін қарау қорытындысы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:

1) аудиттелетін өндірістік учаскенің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге;

2) экологиялық рұқсат шарттарына өзгерістер енгізіп, өзге де рұқсат беру құжаттамаларының талаптарын өзгерту туралы ұсыныспен арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде