Атырауда жасөспірімдер төбелесінен кейін қылмыстық іс қозғалды
Атырауда жасөспірімдер арасындағы өзара келіспеушіліктің соңы төбелеске ұласқан. Полиция қызметкерлері осыған байланысты қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Ақтөбе облысы ПД
20:21 12.01.2024
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанд, төбелес 11 қаңтарда Атырау қаласындағы «Авангард» шағын ауданында болған.
Жасөспірімдер арасындағы төбелес туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Видеода бір жасөспірімнің қолында пышаққа ұқсас зат болғаны айтылған.
«Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желідегі төбелеске қатысқандардың бәрін ұстады. Жасөспірімдер полиция басқармасына жеткізіліп, келіспеушіліктің мән-жайы тексерілді. Алғашында 2007 және 2009 жылғы жасөспірімдердің арасында өзара келіспеушілік орын алған. Сол кезде 2007 жылғы ұл өзінен екі үлкен жасөспірімнің бетінен соққан. Содан кейін таяқ жеген бала өзінің 2007, 2007, 2006, 2009 ж.ылғы достарын шақырып, 2007 жылғы жасөспірімді белгісіз затпен бірнеше мәрте ұрғаны анықталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Атырау қаласының полиция басқармасының қыметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлімі 2-тармағымен қылмыстық іс қозғады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!