Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер Көкшетауда ұсталды
Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыскерді Көкшетау қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері «Шетелдік» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында анықтаған, деп хабарлайды Kazinform.
14:05 13.01.2024
«Анықталғандай, 2018 жылы қазақстандық Ресейдің Омбы облысының аумағында есірткі қылмысын жасаған, алайда ол жазадан құтылып, 5 жыл бойы Көкшетауда жасырып жүрген. Осы уақыт ішінде ер адам РФ Қылмыстық кодексінің 228-бабының 1-бөліміне сәйкес Омбы облысы бойынша РФ ІІМ Басқармасында мемлекетаралық іздеуде болған. Көкшетау қалалық ПБ қызметкерлері қажетті материалдарды жинап, ресейлік әріптестеріне жолдады», - деді ведомстводан.
Жалпы, 2023 жылы ақмолалық тәртіп сақшылары 65 қылмыскердің орналасқан жерін анықтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!