{metadescription}
Астана әуежайында 11 рейс уақытынан кешіктіріліп, 3 рейс тоқтатылды

Астана әуежайында 11 рейс уақытынан кешіктіріліп, 3 рейс тоқтатылды

Бүгін елордадағы халықаралық әуежайда 11 рейс уақытынан кеш ұшырылды, деп хабарлайды Kazinform.

- 14 қаңтарда Астана халықаралық әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, Астанадан Алматыға, Жезқазған және Түркістанға ұшатын 3 рейс әуекомпанияның шешімімен тоқтатылды. Кешіктірілген және тоқтатылған рейстер метео жағдайға байланысты емес.

Астана әуежайында қазір ұшу және қонуға қолайлы ауа-райы сақталуда. Әуеайлақтағы ауа температурасы -18. Желдің жылдамдығы 12м/с, - деп жазды Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде