Алматы облысындағы тауларда қар көшкіні жүруі мүмкін
Алматы облысының тауларында 15-18 қаңтар аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.
13:05 15.01.2024
Осыған байланысты Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан, туристерден қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларды сақтауға шақырды.
«Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады», - деп хабарлады ТЖД-дан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!