{metadescription}
Павлодардың бұрынғы әкімі жаңа қызметке келді

Павлодардың бұрынғы әкімі жаңа қызметке келді

Ержан Иманзаипов Павлодар облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Екібастұз және Павлодар қалаларының әкімі болған.

Павлодар облысы әкімінің өкімімен Иманзаипов Ержан Бейбітұлы өңірлік энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Ержан Бейбітұлы 1984 жылы туған, жоғары білімді. Еңбек жолын 2006 жылы Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы болып бастаған.

2006-2011 жылдар аралығында ҚР индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жетекші маманы болып қызмет етті.

2011 жылдан 2013 жылға дейін Ақмола облысының табиғи монополияларды реттеу департаменті директорының орынбасары, одан соң 2014 жылға дейін – ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары болып еңбек етті.

2014-2017 жылдары Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2017 жылдан 2019 жылға дейін Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды. 2019 жылдан 2020 жылға дейін Екібастұз қаласының әкімі болды. 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Павлодар қаласының әкімі лауазымында қызмет атқарды.

Бұл лауазымға дейін өңірлік кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.