{metadescription}
Елде 33 градусқа дейін аяз болады

Елде 33 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер 16-18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жасады.

Метеорологтар берген ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен аяз болады. Еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында қар жауады, боран болып, жел күшейеді.

«Антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады. Ал елдің батысы мен оңтүстік-шығысында күн құбылмалы, қар аралас жаңбыр жауады, жел мен бұрқасын күшейеді. Аяз, әсіресе, солтүстікте, шығыста және орталықта, түнде 25-33 градусқа дейін аяз болса, күндіз 15-23, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 5-15, күндіз 2-7 градусқа дейін жетеді, ал батыста түнде 8-18, күндіз 3-15 градусқа дейін суық болады», - делінген Қазгидромет берген ақпаратта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.