Қарақия ауданында 20 аққудың өлексесі табылды
Маңғыстау облысының Қарақия ауданында жиырма аққу өліп қалған. Олардың барлығы арнайы орында жойылды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Маңғыстау өңірлік орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы
14:13 15.01.2024
Өңірдегі Қарақия ауданында теңіз жағалауында құстардың өлгені туралы дерек белгілі болды. Тексеру кезінде 20 аққудың өлексесі табылып, қазіргі уақытта полиция теңіз жағалауына адамдардың баруына белгілі бір мерзімге дейін шектеу қойған. Ал аудан әкімдігі аталған жағдайға қатысты тиісті жұмыстар қолға алынғанын мәлімдеді.
«Өздеріңізге мәлім, облыс бойынша арнайы комиссия құрылып, нақты тапсырма берілді. Қарақия ауданы бойынша 11 қаңтарда 12 аққудың өлексесі табылса, араға бір күн салып тағы 8 өлген аққу табылды. Бекітілген арнайы орында өлекселерді жою жұмыстары атқарылды. Қазір аудан аумағындағы теңіз жағалауында өлген аққуларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Осыған қатысты жергілікті атқарушы билік тарапынан теңіз жағасынан іздеутіру арқылы табылған аққулардың өлексесін жою жұмыстары жалғасады. Жергілі полиция теңіз жағалауына адамдардың баруына шектеу қойды. Адамға қауіп болмағанымен үй жануарларына қауіпті болмағанымен үй жануарлары үшін қауіп төндіреді. Аудан аумағында екі жарым мыңнан астам үй құстары бар. Өткен жылдың қыркүйек айында олардың екі мыңға жуығы вакцинациялаудан өтті», - деді аудан әкімінің орынбасары Асан Чукин.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!