Өскеменде 8 жасар бала иіс тиіп көз жұмды
Оқиға 14 қаңтар күні Щербаков көшесінде болған. Бір отбасы мүшелеріне түгелдей иіс тиген.
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
17:08 15.01.2024
«8 жасар қыз сол жерде көз жұмды. Ал уланған 41 және 47 жастағы әке-шешесін жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде ауруханаға жеткізді», — деп хабарлады ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаға пеш пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болған.
Пештегі жарықтардан газ шығып кеткен.
Осы ретте құтқарушылар тұрғындарға барынша абай болып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертті.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!