{metadescription}
Астанада 8 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Астанада 8 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

2023 жылы жүргізілген жоспардан тыс тексеру аясында Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы 288 бұзушылықты анықтап, кемшіліктерді жоюға 247 нұсқама берді. 

Сапасыз құрылыс салғаны және құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізгені үшін - 46 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін - 7 техникалық қадағалау ұйымы және 6 ай мерзіммен аттестатты тоқтату немесе айырумен 22 техникалық қадағалау сарапшысы жауапқа тартылды.

Астана қаласының әкімшілік мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ӘҚБтК 312-бабының 2-бөлігі, 313-бабының 1-бөлігі бойынша сапасыз құрылыс-монтаждау жұмысын жасағаны және мемлекеттік нормативтерді бұза отырып жобалық құжаттаманы қабылдамағаны үшін сегіз компания құрылыс лицензиясынан айырылған. 

  •  «NAK development» ЖШС;
  • «БазисДоСтрой» ЖШС;
  • «КСМК-АФ» ЖШС;
  • «DBK-Engineering» ЖШС;
  • «Пропилон» ЖШС;
  • «ANA Astana» ЖШС;
  • «ППК» жобалау-құрылыс компаниясы» ЖШС;
  • «X-clusive Qurylyus Group» ЖШС.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде