{metadescription}
Смайылов Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директорымен кездесу өткізді

Смайылов Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директорымен кездесу өткізді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскуряковамен кездесті.

ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде тараптар экономиканы дамыту, цифрландыруды енгізу, қоршаған ортаны қорғау және т. б. салалар бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Үкімет басшысы 30 жылдық серіктестік барысында елімізде жалпы сомасы $8 млрд-тан астам 48 бірлескен жобаның сәтті іске асырылғанын атап өтті. Бүгінде 6 жоба белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Оның сөзінше, Дүниежүзілік банкпен серіктестік инклюзивті және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін Қазақстанда іске асырылып жатқан реформаларды қолдауға бағытталған. 20 жылдан астам сәтті жүзеге асырылып жатқан Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы оның айқын мысалы болып табылады.

«Қазақстан Үкіметі Дүниежүзілік банкпен серіктестікті әрі қарай нығайтуға ниетті», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Татьяна Проскурякова Ұйым Қазақстан бойынша жаңа жобаларды дайындауды жандандырғанын, оған былтыр тамызда өткен келіссөздердің ықпал еткенін атап өтті. Оның ішінде Үкіметтің шалғай елді мекендерді интернетке қосу бағдарламасы да бар.

«Бұл Орталық Азиядағы барлық ел үшін жақсы үлгі болады деп ойлаймын. Менің ойымша, Қазақстанның өңірлік көшбасшы ретіндегі рөлі нығая түспек», — деді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде