{metadescription}
Францияның жағалауында бес мигрант қаза тапты

Францияның жағалауында бес мигрант қаза тапты

Франция билігінің хабарлауынша, демалыс күндері теңізде 180-нен астам адам құтқарылған. Демалыс күндері Ла-Манш бұғазында бес мигрант қаза тауып, 30-дан астамы құтқарылды. Мигранттарды Ұлыбританияға заңсыз тасымалдап келе жатқан қайық толқындар мен су тасқыны салдарынан жағалауда аударылып қалды.

Қаза болған төрт адамның денесі теңізден, тағы бір адамның денесі Францияның Вимре коммунасының жағалауынан табылды. Француз ақпарат құралдарының хабарлауынша, олар Сирия немесе Ирак азаматтары.

Ла-Манш және Солтүстік теңіз префектурасының хабарлауынша, демалыс күндері барлығы 182 адамның құтқарылған.

Пас-де-Кале департаменті префектінің айтуынша, контрабандашылар мигранттар өмірін қауіпке ұшыратып отыр.

Ле-Портель коммунасының мэрі Оливье Барбареннің пікірінше, Павриж бен Лондон бұған бір шешім табуы керек.

«Біз, мэрлер, қатты абдырап қалдық. Біз мұнда жағдайды бақылау, киім-кешек жеткізу, қоғам мен мемлекеттің ынтымағын көрсету үшін жүрміз, бірақ сахнаның артында мүлде қауқарсызбыз. Менің ойымша, бізге Франция мен Англия арасындағы шешімдерді іздеуге тура келеді», - деді О.Барбарен.

Бұл 2024 жылғы өлімге әкелген алғашқы оқиға. Өткен жылы Ла-Манш арқылы Англияға заңсыз жолмен 29 437 мигрант жеткен (2022 жылмен салыстырғанда 36%-ға аз).

Дереккөз: Kazinform

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде