{metadescription}
Түнгі клубта қыдырған екі мұғалім жұмыстан босатылды

Түнгі клубта қыдырған екі мұғалім жұмыстан босатылды

Қызылордада түнгі клубта жүргенін әлеуметтік желіде жариялаған екі мұғалім жұмыстан босатылды.

Бұл туралы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов Фейсбуктегі парақшасында жазды. 

"Күнделікті қарым-қатынаста әдеп нормаларын сақтау мұғалімдер үшін үйреншікті әдетке айналуы тиіс. Өкінішке орай, ғаламторда мұғалімдердің аталған принциптерді сақтамайтындығы туралы ақпарат шығып тұрады. Бірнеше мысал келтірейін:

1. Қысқы демалыс уақытында Түркияның түнгі клубтарының бірінде қыдырып жүрген Қызылорда облысының екі мұғалімінің әлеуметтік желілердегі жарияланымдары ата-аналар қауымының наразылығын тудырды. Педагогтер жұмыстан босатылды.

2. Өткен жылы Павлодар облысындағы №28 балабақша-бөбекжайдың жатын бөлмесіне орнатылған бақылау камерасына тәрбиешінің балаға көрсеткен дөрекі әрекеті түсірілген. ҚР Еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес, педагог теріс себептермен жұмыстан босатылды", - деп жазды Ернұр Дәуенов.

Сондай-ақ, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы мұғалімдердің жұмыс орнында және қоғамдық жерлерде жүріс-тұрысын, өзін ұстау әдебін айқындайтын заң нормаларын атап өтті. 

«Педагог мәртебесі туралы» Заң педагог мәртебесін бекітіп, педагогтің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктері мен шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігін белгіледі.

Министрліктің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығымен бекітілген Педагогикалық әдеп ережелерін әрбір мұғалім ұстануы тиіс. Қағидаларға сәйкес мұғалімдер қызметтік және қызметтік емес уақытта 7 қағидат пен 19 мінез-құлық нормасын сақтауға міндетті.

"Педагогикалық әдеп қағидаларында педагог әлеуметтік желілерде дәйексіз және (немесе) әдепсіз ақпаратты таратпайды, қоғамда педагогтің жоғары атағын нығайтуға ықпал етеді, педагогтің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді делінген (Қағидалардың 7 тармағының 4) және 17) тармақшалары)", - деп жазды ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

16 қараша

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде