{metadescription}
Шымкент қалалық еңбек мобильділігі орталығының басшысы қамауға алынды

Шымкент қалалық еңбек мобильділігі орталығының басшысы қамауға алынды

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

«Ол „Бастау Бизнес 2023“ ұлттық жобасы шеңберінде гранттардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру кезінде жалпы қамқорлығы үшін делдал арқылы 200 мың теңге сомасында пара алу бойынша күдікке ілінді», — деп жазды Антикордан.

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде