{metadescription}
Синоптиктер 7 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Синоптиктер 7 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Синоптиктер Қазақстандағы жеті қаланың тұрғындарына ескерту жасады.

Болжам бойынша, 17 қаңтарда Астана, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддерде қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде