{metadescription}
Атырауда аудандық соттың судьясы 2,5 млн теңге парамен ұсталды

Атырауда аудандық соттың судьясы 2,5 млн теңге парамен ұсталды

Атырау облысында судьяның алаяқтық іс-әрекеті әшкере болды. 

2024 жылғы 10 қаңтарда Атырау облысы Махамбет аудандық сотының судьясына іс қозғалған. 

Ол Қылмыс кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы, яғни алаяқтық іс-әрекеті үшін айыпталып отыр.

Материал сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыс бойынша департаментінің қызметкерлері сот әкімшілігі департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесе отырып, 15 қаңтарда судьяны 2,5 млн теңгені алу кезінде парамен ұстады», - деп мәлімдеді Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Күдіктіге процестік мәжбүрлеу шарасы қолданылмаған.

Қазіргі уақытта екі ведомствоның бірлескен іс-әрекетімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. 

Дереккөз: KAZINFORM

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде