{metadescription}
Әйел 1,5 жылдан астам уақыт бойы баласын азаптап келген

Әйел 1,5 жылдан астам уақыт бойы баласын азаптап келген

Өзбекстандағы Бұхара облысы Шафиркан ауданының тұрғыны 1,5 жылдан астам уақыт бойы 5 жасар баласын бесікке байлап, таяқпен және басқа да заттармен ұрып-соққан. 

Өзбекстанның балалар омбудсманы Сурайя Рахмонованың баспасөз қызметі мәлімдегендей, аудандық ІІО жүргізген тергеуге дейінгі тексеру барысында күдікті С. Н. баласын (2018 жылы туған) бесікке салып, байлап, таяқпен және басқа да заттармен ұрғаны анықталды. Мұндай зорлық-зомбылық кем дегенде 2022 жылдың наурызынан 2023 жылдың қарашасына дейін созылған.

Анасына қатысты Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігіндегі тармақтар бойынша қылмыстық іс қозғалды (дәрменсіз күйдегі кәмелетке толмаған адамды азаптау).

«Балалар омбудсманы баланың мүдделерін сенімді түрде қамтамасыз етуді жалғастырады», — делінген хабарламада.

Дереккөз: KAZINFORM

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде