Үкіметте Qarmet компаниясы жұмысының өзекті мәселелері қаралды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Qarmet компаниясы жұмысының мәселелері жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді.
Фото: primeminister.kz
09:32 17.01.2024
ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа инвестордың қатысуымен кәсіпорынның тұрақты жұмысын және одан әрі дамуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, салық, магистральдық т/ж желісін пайдалану, сондай-ақ экологиялық заңнама нормаларын сақтау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар отырыста Қарағанды көмір бассейні шахталарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өзектендіру жоспарлары қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырмалар берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!