Костенко шахтасындағы апат: 9 адам қамауға алынды
Бас прокуратура Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа қатысты тергеу барысын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
14:18 17.01.2024
"46 кеншінің өмірін қиған Костенко шахтасындағы жарылыстарға қатысты тергеу аяқталып жатыр. Шахтаның 9 лауазымды адамы күдікті деп танылып, қамауға алынды", - деп хабарлады ведомство.
Айта кетейік, бұған дейін көмір өндіру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамаған деген күдікпен 7 адамның ұсталғаны хабарланған болатын. Еске салайық, 2023 жылғы қазанда Костенко шахтасында апат болған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!