Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 52 нысан анықталды
Алматының тау бөктерінде бір жылда 54 заңсыз құрылыс анықталды.Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, 44 нысан бойынша сотқа арыз беріліп, оның 31- не оң шешім қабылданды, ал қалғандары қаралып жатыр.
10:56 17.01.2024
«Бұл ретте 31-ден 25 талап заңды күшіне енді, 6 арыз апелляциялық сатыда сот талқылаулары жүргізілуде. 2023 жылы құрылыс нысандарын жоспардан тыс 1074 тексеру барысында 1140 бұзушылық анықталды», - деп хабарлады басқармадан.
Басқарма нысандарды жоспардан тыс тексеруді алынған өтініштер негізінде «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңның сақталуы тұрғысынан жүргізілетінін атап өтті.
«Азаматтардың салынып жатқан объектілер бойынша толық және өзекті ақпарат алуы үшін басқарма 8-705-896-60-00 нөмірі бойынша анықтама желісін іске қосты», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!