{metadescription}
Ми-8 әскери тікұшағы құлады

Ми-8 әскери тікұшағы құлады

Бішкек маңында Ми-8 әскери тікұшағы құлады, деп хабарлайды Қырғызстанның Kabar агенттігі.

«Жергілікті уақыт бойынша сағат 10:55-те «Фрунзе-1» әуе базасында Ми-8 әскери тікұшағы құлады. Борт 203. Экипаждың жағдайы әлі белгісіз», - делінген хабарламада.

Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің агенттігіне хабарлағандай, Қырғызстан Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағы оқу-жаттығу барысында қонуға мәжбүр болған. Зардап шеккендер бар.

«Қорғаныс министрлігінің және әуе қорғаныс күштерінің басшылығы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде. Тергеу нәтижелері туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланатын болады», - деп атап өтті ведомстводан.

Дереккөз: KAZINFORM

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде