{metadescription}
Қызылша жұқтыру 11 пайызға азайды

Қызылша жұқтыру 11 пайызға азайды

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі эпидахуалдың жақсарып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Ауру жұқтыру көрсеткіші 11 пайызға азайды. 10 өңірде кейінгі үш апта бойы көрсткіш төмендеп жатыр. 7 өңірде ахуалдың тұрақтанғанын көріп отырмыз. Ауру жұқтыру көрсеткіші бір деңгейде тұр», - деді ол Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның сөзінше, үш өңірде өсу байқалып отыр.

«Бұл Ақтөбе, Атырау және Қарағанды облыстары. Дәл осы өңірлерде қосымша вакциналау жүріп жатыр. Бұл өңірлерде халықтың вакцинамен қамтылу көлемі республикалық көрсеткіштен төмен», - деді министр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде