{metadescription}
Алматы әуежайында жалған құжатпен өтпек болған үш шетелдік ұсталды

Алматы әуежайында жалған құжатпен өтпек болған үш шетелдік ұсталды

15-16 қаңтарда Алматы қаласының халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде Франция мен Грецияның жалған құжаттарын ұсынған 3 шетелдік ұсталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, арнайы техникалық құралдарды қолдана отырып жүргізілген қосымша тексеру құжаттардың жарамсыздығын растады.

«Жалған төлқұжаттар алынды. Екі адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, бір шетелдік азамат депортацияланды», — деп жазды ведомстводан. 

2024 жылдың басынан Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде шекарашылар жарамсыз және бөтен төлқұжаттарды қолданудың 18 фактісінің жолын кесті.

ҰҚК Шекара қызметі жалған құжаттарды қолданып, шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылғанын хабарлайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде