{metadescription}
Орманшыларға күш көрсеткендер 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

Орманшыларға күш көрсеткендер 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

"Охотзоопром" қызметкерлеріне қатысты күш қолданғандарға 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының аумағында криминалдық полиция Қызылжар кентінің төрт тұрғынын ұстады, олар "Охотзоопром" РКМК қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларға қатысты дене күшін қолданып, қашып кеткен.

«Қызметшілерге қатысты күш қолданды деген күдіктілердің төртеуі де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану қаупі үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазамен қылмыстық жауапкершілік көзделген», — деп атап өтті Ұлытау облысы ПД бастығының орынбасары Сафуан Жампейсов.

Дереккөз:  KAZINFORM

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде